Ғылым-білімге құштар жастарды қолдаймыз

Әр қайырымдылық - білім мен мүмкіндіктерге тең қолжетімділікке жасалған қадам

Қорға көмек

Жан-жақты дамуына жағдай жасаймыз

Білім, тәрбие және шығармашылыққа жол ашамыз

Қорға көмек
Қор туралы

Ardaim қоғамдық қоры Астана қаласында оқитын ынталы жастарды қолдаумен айналысады. Осы сайт арқылы әр-түрлі бағыттағы жобаларымызбен таныс бола аласыз.

+5

жыл жұмыс

8

жоба бағыты

Толығырақ
1000+

қолдау алушылар

Youtube
Жобалар

Жобалар арқылы өмірді бірге өзгерту

Mugalim

Mugalim стипендиялық жобасы - педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби және жеке дамуына, ағылшын тілін меңгеруіне, әлеуметтік тұрғыда белсенді болуына мүмкіндік жасайтын жоба

01

Ғалым

Еліміздегі білім беру саласының қарқында дамуына үлесін қосатын ғалымдардың сапасын арттыру мақсатында білім саласындағы Ғылым докторы (PhD) бағдарламасында оқитын студенттерге стипендиялар тағайындау арқылы қолдау жасау. Бұл стипендиялар PhD студенттеріне қолайлы жағдай жасау арқылы оларға уақыты мен күш-қуатын ғылыми жобалар мен зерттеулерге жұмсауына мүмкіндік береді

01

Ментор

Бұл жобаның мақсаты - студенттердің жан-жақты дамуына бағытталған менторлық бағдарлама жасау. Менторлық бағдарлама студенттердің жеке даму жоспарына негізделеді (Individual Development Plan) және жеке жоспарды іске асуын қадағалайтын , қолдау көрсететін менторлар тағайындалады. Менторлық жұмыстар студенттерге уақытын тиімді пайдалануға, дұрыс мақсаттар қоюға , ұтымды шешімдер қабылдауға және дамушы ортада болуына септігіе тигізеді

01

Журналист

Жобаның мақсаты - журналистика мамандығында оқитын студенттерді кәсіби бағытта дамыту мақсатында журналистика саласының майталмандарының бағыттауымен болатын практика ұйымдастыру. Мұндай еңбек тәжірибесі журналист студентке өз ісінің шебері болуына қажетті қабілеттерін дамытып, білімін арттыруға мүмкіндік береді

01

Талант жобасы

«Талантты қолдау» бағдарламасы ғылым, спорт және мәдениет салаларындағы дарынды балаларға қолдау көрсетеді

01

Курстар/Тренинг/Воркшоптар

Студенттерге және дамушы мамандарға арналған әр-түрлі бағыттағы курстар , семинар-тренинг және воркшоптар. Әркім өзінің мақсатына және даму жоспарына қарай курстар мен бағдарламаны таңдай алады. Бұл бағдарламалар жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылатын болады

01

Студенттік клубтар

Ardaim студенттер орталығында әр түрлі бағытта арнайы клубтар ұйымдастырылады. Бұл клубтар студенттерге қызығушылығы мен қабілетін сынап көретін , дамуға жол ашатын және қолдау табатын орындарға айналады. Студенттер бұл клубтарды ментордың қолдауымен жүргізетін болады

01

English Community

English Community жобасының мақсаты Астана қаласындағы студенттерге ағылшын тілін меңгеруге арналған әр-түрлі деңгейдегі курстар , сөйлесу клубтарын және басқа іс-шаралар ұйымдастыру. IELTS / TOEFL сынды халықаралық тесттерге дайындық курстарын жасау. Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеруге талпынатын студенттер қауымдастығын қалыптастыру

01
Серіктестер

Бізге 10+ компаниялар сенеді

Өтініш

Жобаға қатысу үшін өтініш беру формасын толтырыңыз және қызықты бастаманың бір бөлігі болыңыз.

Жобалар

Қатысқыңыз келетін жобаны таңдаңыз

Step 0 of 0

Жиі қойылатын сұрақтар